«Марс» инженерлік компаниясы


Инженерная компания Марс

Құрылыс жұмыстарында «Не де болса, нар тәуекел» қағидасын ұстану тиімді емес. Тәуекел ықпалы жоққа теңестірілуі тиіс. Жобаларды жүзеге асыруды Тапсырыс берушілерінің сенімін бағалай білетін кәсіби мамандарға ғана тапсыру қажет. Мұндай мердігерлердің бірі - «МАРС» Инженерлік компаниясы». Ол Қазақстан Республикасының құрылыс жұмыстары мен қызметтері нарығында 2009 жылдан бастап жемісті еңбекетіп келеді.

Біздің пәлсапамыз: Ойдағы бейнені - шындыққа айналдыру.

Біздің міндетіміз: ғимараттар мен имараттардың сыртқы және ішкі инженерлік желілерін жобалау, салу, құрастыру және іске қосу-жөндеу, құрылыс өндірісінің ең үздік технологияларын және заманауи құрылыс материалдарын отандық нарықта ілгері бастыру.

Біздің мақсатымыз: құрылыс жұмыстары мен қызметтерінің аса тиімді, әрі озық жеткізушісі болу.


Инженерная компания Марс ЖШС Директоры Шнайдер М.В
"Инженерная компания Марс" ЖШС Директоры Шнайдер М.В.

Қызметкерлері

Бүгінгі таңда «МАРС» Инженерлік компаниясы - білікті мамандардың ұжымы. Әр қызметкер ұжым жұмысына өз үлесін қосады және жалпы нәтиже үшін жауапкершілікке ие. Компанияның кадрлар саясаты өз қызметкерлері қатарында «әмбебап жұмыскерлерді» емес, әрқайсысы өз ісінің шебері болып табылатын іскер мамандардың болуына мүмкіндік береді. Қызметкерлер үшін оқыту жүйесі жетілдірілген, соның ішінде, барлық санаттағы қызметкерлердің жыл сайын біліктілігін арттыру және аттестация курстарында оқытуы қарастырылған.


Біздің серіктестер

Құрылысжобаларын жүзеге асыру кезінде біз танымал әлемдік өндірушілерден шығарылатын құрал-жабдықтар мен материалдардың жеткізілімін жүзеге асырамыз, олар: "Systemair" (Швеция), "Carrier" (АҚШ), "YORK" (АҚШ), "Buderus" (Германия), "Viessmann" (Германия), "Elbi" (Италия), "Reflex" (Германия), "Danfoss" (Дания), "Naval" (Финляндия), "Honeywell" (АҚШ), "Роііх" (Словения), "Т.I.S." (Италия), "Belven" (Бельгия), "Bugatti" (Италия), "Samson" (Германия), "SchneiderElectric" (Франция), "Siemens" (Германия), "Ensto" (Финляндия), "DKC" (Eypona), "Osram" (Германия), "Philips" (Нидерланды), "lek" ( Peс eй )

Біз, сондай-ақ, отандық өндірушілермен де жұмыс жасаймыз, олар: «BuranBoiler» Қазақстан, «АВЗ» («Апматы вентилятор зауыты»), «Тоқсым» (Талдықорған шоғырсым зауыты»), «Темирбетон-1» ЖШС, «Жеңіс» ЖШС, «АДК» (темір-бетон бұйымдары), «Pipe-Plast» (полиэтилен құбырлары), «Модуль-A» компаниясы» (металлопрокат), «ALMACOM» (салқындатқыштар) және басқалар.


Байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылы, Тлемис к., 39

Тел.: 8 (727) 377-91-28, факс: 253-98-81

E-mail: ic-mars@mail.ru



Марс - барлық істе бірінші болуға ұмтылатындарға арналған!