АS-Инжиниринг Констракшн


лого«AS Construction Capital» топтық құрылыс компанияларының құрамына енетін «AS-Инжиниринг Констракшн» ЖШС Қазақстан Республикасының барлық аймағындағы құрылыс-жоба саласында қызмет түрлерін көрсетеді. Компанияның басты бағыты - арнайы кұрылыс және мон­таждау жобаларын, сонымен қатар сыртқы монтаждау құрылымдарын және ғимараттық, ішкі инженерлік жүйелер жұмысын орындау.

Бүгінге дейін компания сенімді және өзін жауапты серіктес ретінде көрсете білді. Біздің қатысуымызбен салынған нысандар жоғары сапасымен, техникалық және коммуникациялық жабдықталуымен және де келісім бойынша өзіне жүктелген міндеттердің уақтылы орындалуымен ерекшеленеді.

«AS-Инжиниринг Констракшн» ЖШС - білікті және кәсіби машықтанған, ондаған жылдар бойы құрылыс секторында жұмыс істеген тәжірибелі мамандармен қатар, жұмысқа құлшыныс таныта білетін, дені сау және қуатты жастардан құрылған ұжым. Бұл бірлестік - жаңашыл ойлар мен кепілденген дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

«Choice of the Year in Kazakhstan» - «Жыл таңдауы» байқауын ұйымдастыру комитетінің шешімімен «AS-Инжиниринг Констракшн» ЖШС 2011 жылғы байқау қорытындысы бойынша «Қазақстандағы 2011 жылдың №1 Инжинирингтік компаниясы» номинациясында лауреат атанды.


Ибрагимов Рустам Даминович
"АС Инжиниринг Констракшн" ЖШС Бас директоры Ибрагимов Рустам Даминович

Біздің жұмыстарымыздың стильдері:


  • алдын ала ұқыпты дайындық;
  • тапсырыс берушілер ұсынысына нақты тұжырымдар шығару;
  • бюджет тұрақтылығы;
  • жобаның тиянақты әрі жоғары сапада орындалуын қамтамасыз ету;
  • мерзімдік көрсеткіштерді сақтау.

Біздің мақсатымыз бен міндеттеріміз:


  • орындалатын жұмыстарды ҚР-ның стандарттық ИСО 9001-2009 «Сапалы менеджмент жүйесі» талабына сәйкес жоғары сапада орындау;
  • жаңа жұмыс және қызмет тҮрлерін игеру;
  • құрылыс өндірісіне жаңа техгологиялар енгізу арқылы компанияның жоғары нәтижелілігін және жаңа құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолданып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін үнемі арттырып отыру.


as ingineering construction

as ingineering construction




Байланыс:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Венецианов к, 55

Тел.: +7 727 390-62-40/41/44

E-mail: ac-1@mail.ru



Біздің ұранымыз - "Жұмыла еңбекке үлес қосу - табыс кепілдігі!"